Новости


Еңбек адамы – қоғамдық диалогтың өзегінде

«Әділет» партиясының өкілдері «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен жұмыспен қамту, әлеуметтік саясат, өнеркәсіпті дамыту және өңірлік инфрақұрылым мәселелерін талқылады.



06.08.2026

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай және Құрылтайға кандидаттар Ақтөбе өңіріндегі ірі өндіріс орындарының бірі – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесуге партия төрағасымен бірге Құрылтайға кандидаттар, спикерлер К.К. Жаманкулов, Р.Н. Бектұров, А. Тоқмамұрат, сондай-ақ Құрылтайға кандидаттар Ұ. Шапақ, Т.М. Савельева, Е.Б. Сайыр, К.В. Петров, А.Р. Адамбаева, Л.Ч. Қарабасова, Л.А.Шыңғысбаева, Д.Б. Закиева, И.С. Тен, Ш.Т. Каринова, А.Т. Аймағанова қатысты.

Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, бағдарламаның 10 басымдығы, негізгі мақсаттары мен басты құндылықтары жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға партияның өндірісті дамыту, еңбек адамын қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік әділеттілік пен өңірлік инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған бастамалары кеңінен таныстырылды.







Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Кәсіподақ төрағасы Самат Сатов өндіріс қызметкерлерін толғандыратын маңызды мәселелердің бірі – жалақы деңгейіне қатысты сұрақ қойды. Ал жас мамандар Басқарма кеңесінің заң қызметтері департаменті Шағымдар және сот істері бөлімшесінің заңгері Нұржан Әуесов пен Еңбек қорлары департаментінің кадрларды даярлау және қайта даярлау бөлімінің II санатты инженері Мұхаммед Полат жастарды жұмыспен қамту, партия бағдарламасында көзделген 1 миллион жаңа жұмыс орнын құру бастамасының жүзеге асырылу тетіктеріне қызығушылық танытты.

Сонымен қатар еңбек ұжымы өңір үшін өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді де көтерді. Атап айтқанда, «Октябрьскмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының автоматтандырылған басқару жүйелері жөніндегі II санатты инженері Зейнолла Сержан өңір үшін өзекті мәселелердің бірі – Ақтөбе–Хромтау автомобиль жолының құрылысы мен жаңғыртылуы, жол инфрақұрылымын дамыту және көлік қатынасын жақсарту жөнінде сұрақ көтерді.







Кездесу барысында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі бас менеджері Абай Сақтағанов компания ұжымы атынан сөз сөйлеп, спикерлерге алғысын білдірді. Ол компания қызметкерлері барлық сайлауда жоғары азаматтық белсенділік танытып келе жатқанын атап өтіп, биылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына да ұжымның бірауыздан қатысатынын жеткізді.

Жиынды қорытындылаған Партия төрағасы Айбек Дәдебай еңбек адамымен тікелей кездесулер партия жұмысының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Өндірісті дамыту – ең алдымен еңбек адамына қолайлы жағдай жасаудан басталады. Біз әрбір өңірдің ерекшелігін, еңбек ұжымдарының нақты ұсыныстары мен мәселелерін тыңдап, оларды партияның алдағы жұмысы мен бағдарламалық бастамаларына енгізуге мүдделіміз. Әділетті қоғам құрудың негізі – еңбек адамының лайықты еңбекақысы, қауіпсіз еңбек жағдайы және тұрақты жұмыспен қамтылуы», – деді партия төрағасы.

Кездесу соңында барлық көтерілген ұсыныстар мен мәселелердің жан-жақты зерделеніп, партияның алдағы жұмысында ескерілетіні атап өтілді.







Человек труда — в центре общественного диалога

Представители партии «Әділет» обсудили с работниками АО «СНПС-Актобемунайгаз» вопросы занятости, социальной политики, развития промышленности и региональной инфраструктуры.



06.08.2026

Председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай и кандидаты в Национальный курултай встретились с трудовым коллективом одного из крупнейших промышленных предприятий Актюбинской области – АО «СНПС-Актобемунайгаз».

Вместе с председателем партии во встрече приняли участие кандидаты в Национальный курултай, спикеры К.К. Жаманкулов, Р.Н. Бектуров, А. Токмамурат, а также кандидаты в Национальный курултай У. Шапак, Т.М. Савельева, Е.Б. Саир, К.В. Петров, А.Р. Адамбаева, Л.Ч. Карабасова, Л.А.Шынгысбаева, Д.Б. Закиева, И.С. Тен, Ш.Т. Каринова и А.Т. Аймаганова.

В ходе встречи были представлены ключевые направления предвыборной программы партии, подробно разъяснены ее 10 приоритетов, основные цели и базовые ценности. Участников ознакомили с инициативами партии, направленными на развитие промышленности, поддержку человека труда, создание новых рабочих мест, обеспечение социальной справедливости и совершенствование региональной инфраструктуры.







Встреча прошла в формате открытого диалога. Председатель профсоюза Самат Сатов задал вопрос об уровне заработной платы – одной из наиболее актуальных проблем, волнующих работников предприятия. Молодые специалисты – юрист подразделения по рассмотрению жалоб и судебных дел Департамента правового обеспечения Совета директоров Нуржан Ауесов и инженер II категории отдела подготовки и переподготовки кадров Департамента трудовых ресурсов Мухаммед Полат – проявили интерес к механизмам реализации инициативы партии по созданию 1 миллиона новых рабочих мест и вопросам трудоустройства молодежи.

Кроме того, трудовой коллектив поднял и актуальные для региона инфраструктурные вопросы. В частности, инженер II категории по автоматизированным системам управления нефтегазодобывающего управления «Октябрьскнефть» Зейнолла Сержан задал вопрос о строительстве и модернизации автомобильной дороги Актобе – Хромтау, развитии дорожной инфраструктуры и улучшении транспортного сообщения.







В ходе встречи от имени коллектива АО «СНПС-Актобемунайгаз» выступил главный менеджер по корпоративной безопасности Абай Сактаганов, который поблагодарил спикеров за содержательный диалог. Он отметил, что сотрудники компании традиционно демонстрируют высокую гражданскую активность на всех выборах, и выразил уверенность, что коллектив также единогласно примет участие в выборах в Национальный курултай, которые состоятся 23 августа текущего года.

Подводя итоги встречи, председатель партии Айбек Дадебай подчеркнул, что прямой диалог с человеком труда является одним из главных приоритетов деятельности партии.

«Развитие промышленности начинается прежде всего с создания достойных условий для человека труда. Мы заинтересованы в том, чтобы слышать реальные предложения и проблемы трудовых коллективов каждого региона и учитывать их в дальнейшей работе партии и наших программных инициативах. Основа справедливого общества – это достойная заработная плата, безопасные условия труда и стабильная занятость», – отметил председатель партии.

В завершение встречи было подчеркнуто, что все озвученные предложения и вопросы будут всесторонне изучены и учтены в дальнейшей работе партии.





Подготовлено в Администрации Генерального директора











Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»