Новости

Ер - ел тірегі


06.05.2022

7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл мерекені 1992-жылдан бері атап өтіп келеміз. «Отан қорғаушы» дегенде ең алдымен ойға ер адам келеді. Ендеше, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ жігіттерін мерекелерімен құттықтаймын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болуымызды бізден әрқашан да күтетінін ұмытпайық.

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін.

Ел халқына шат - шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан - теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Алайда, жас буынның арасында әскерге баруға деген ынтасы жоқтар да жоқ емес. Әр азамат ел қорғау мақсатында, қандай да бір жағдай бола қалған уақытта өз елі мен жерін еш қымсынбастан қорғай алуы тиіс. Ал ол үшін әскер қатарында болып, белгілі бір дайындықтан өткен дұрыс болар еді. Отан қорғау ер азаматтың қызметі емес, міндеті екенін естен шығармау керек. Ата-бабамыз намысты қолдан бермей жерімізді қорғады. Әрине, соғыс болмасын. Дегенмен, көршілес елдерде орын алған қантөгіске бәріміз де куәміз. Осындай уақытта халқымыздың қарттары мен балалары ерлерімізге сенеді. Сенім ақталу керек! Мемлекетіміздің аты неше мәрте өзгерсе де, ұрпақ қанша рет ауысса да бұл жарық дүниеге ер адам боп келген соң отанды қорғау борышымыз боп қала бермек. Халқымыздың «Ер – елінің қорғаны» деген сөзіне лайықты өмір сүрейік.





Мж/еМӨӨБ-ның Қ ж/е ЕҚ жөніндегі
бас техникалық жетекшісі
Нұрлан Нұртазин




















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»