Новости

«Мектепке жол» акциясы


25.08.2022

Бірінші қыркүйек - білім күні, барлық балалар үшін мереке. Жаңа 2022-2023 оқу жылы басталады. Бұл мектеп жасындағы барлық балалар үшін қуанышты күн болуы қажет. Баланы мектепке дайындау, қажеттінің бәрін сатып алу – қомақты қаражатты қажет ететін іс. Әсіресе, көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға оңай емес. Бұл отбасылар үшін балаларды мектепке дайындау үлкен мәселе болып табылады, және жаңа оқу жылының басталуына байланысты балалардың қуанышына қаяу түсіреді. Дәстүр бойынша "СНПС-Ақтөбемұнайгаз"АҚ "Кеңқияқмұнай" МГӨБ кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, әлеуметтік қорғауға мұқтаж балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясына қатысты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл жылды тек ұрандатып немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек, – деп Президентіміз атап өткендей ағымдағы жылдың тамыз айының 26-шы жұлдызында "Кеңқияқмұнай" МГӨБ мен кәсіподақ ұйымы бірлесіп аз қамтылған және көп балалы отбасы санатындағы балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды сыйлық жиынтығымен, мектеп сөмкелерімен, мектеп формасымен, спорт костюмдерімен қамтамасыз етті. Бүгінде Шұбарши, Кеңқияқ орта мектебіндегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан 20 оқушы жаңа оқу жылына дайын.

"Кеңқияқмұнай" МГӨБ жыл сайын "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясына қатысады. Акцияның мақсаты – тұрмыс төмен, көп балалы отбасыларының, жетім балалардың және Қазақстан Республикасының Заңнамасымен анықталған басқа да санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз. Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.

Қазақ тілі аудармашысы Минура Қабеш



















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»