Новости


«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» тарихынан сыр шертетін мұражай кабинеті ашылды



10.11.2025

Мұра — тек өткеннің ізі емес, болашаққа жол сілтейтін асыл қазына. Уақыт өткен сайын оның құны арта түсетіні анық. Осы орайда, 40 жылдан астам тарихы бар «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының бай мұрасын жинақтап, келер ұрпаққа жеткізу мақсатында Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінде арнайы мұражай кабинеті ашылды. Бұл игі бастама компания басшылығының қолдауымен және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жанындағы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымының ұйытқы болуымен жүзеге асты.

Мұғалжар аудандық музейінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының демеушілігімен жасақталған арнайы мұражай кабинетінде қара алтын игеру жолында көп жылдық тарихы бар компанияның мол мұрасы жинақталған. Ашылу салтанатына «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Чэнь Даю, сондай-ақ компанияның Корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі бас менеджері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымының төрағасы Абай Сақтағанов қатысты.

Мұражай кабинеті бұрын қараусыз, жөндеусіз тұрған бөлменің орнына салынды. Қабырғалары өңделіп, ақталып, еден жаңартылып, жылыту жүйесі мен есік толық ауыстырылды. Бөлме жаңа кейіпке еніп, келушілерге көрнекті, заманауи орта ұсынылды.

Кабинеттің мазмұндық бөлігіне «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның әр кезеңдегі басшылықтарынан тарихи құжаттар, архив материалдары, мұнай тарихына қатысты деректер мен фотосуреттер жинақталды. Қазір мұражай кабинетінде 150-ден астам фотосурет қойылған. Олардың қатарында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінен алынған сирек фотолар мен мұнай саласының майталманы, ҚР Премьер-Министрі болған Н.Балғымбаевтың жеке кітаптары мен жазбалары да бар. Бұл жәдігерлерді оның Алматыда тұратын қызынан арнайы алдыртылды.

Кабинетте түрлі жәдігер топтастырылған 9 витрина бар. Әр витринада кен орындарының игерілу және даму кезеңдері, компанияның әлеуметтік-экономикалық салаға қосқан үлесі, өндіріс тарихындағы маңызды оқиғалар мен құжаттар топтастырылған. Экспозицияда Ақтөбе мұнайының даму тарихы, мұнай-газ саласындағы маңызды кезеңдер туралы ақпараттық стендтер, зертханалық шыны ыдыстар мен химиялық реагенттер, өлшеу құралдары мен өндірістік жәдігерлер, сондай-ақ компанияның әлеуметтік жобалары мен аймақтық дамуға қосқан үлесі көрсетілген.

Ашылу рәсіміне аудан тұрғындары, музей қызметкерлері, жергілікті әкімдік өкілдері, сондай-ақ колледждің мұнай-газ мамандығының студенттері қатысты. Іс-шара барысында алғыс сөздер айтылып, қатысушыларды қуантқан шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Бұл мұражай кабинеті тек өткенге тағзым емес, болашаққа бағдар. Компания тарихы мен мұнай саласының дамуын айғақтайтын жәдігерлер келешек ұрпаққа құнды мұра болмақ. Әр жыл сайын компания өміріндегі ең маңызды оқиғалар мен жаңа жетістіктер бұл мұражай кабинетінің қорын толықтырып отырады. Ертеңгі мұнай-газ саласының жас мамандары үшін бұл орын тәжірибе мен шабыттың, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан мекені болары сөзсіз.

Открыт музейный кабинет «СНПС-Актюбемұнайгаз», раскрывающий историю компании

Наследие — это не только след прошлого, но и путь в будущее. С течением времени его ценность только возрастает. В этой связи, с целью сохранения богатого наследия компании «СНПС-Актюбемұнайгаз», существующей более 40 лет, и передачи его будущим поколениям, в Мугалжарском районном историко-краеведческом музее был открыт специализированный музейный кабинет. Эта благородная инициатива реализована при поддержке руководства компании и при участии первичной организации Международного общества «Казахский язык» при АО «СНПС-Актюбемұнайгаз».

В специально оборудованном музейном кабинете, созданном при поддержке компании, собраны богатые материалы о многолетней истории освоения «черного золота». На открытии присутствовали заместитель генерального директора АО «СНПС-Актюбемұнайгаз» Чэнь Даю, а также руководитель по корпоративной безопасности компании и председатель первичной организации Международного общества «Казахский язык» Абай Сактаганов.

Ранее кабинет находился в заброшенном состоянии. После ремонта были обновлены стены, побелены поверхности, заменен пол, установлены новая система отопления и двери. После реконструкции помещение приобрело современный вид и стало комфортным для посетителей. В содержательную часть кабинета вошли исторические документы, архивные материалы, данные и фотографии, отражающие историю нефтяной отрасли, собранные от руководителей компании разных лет. В настоящее время в кабинете представлено более 150 фотографий. Среди них есть редкие экспонаты из Актюбинского областного историко-краеведческого музея, а также личные книги и записи известного нефтяника, бывшего Премьер-министра РК Н. Балгамбаева, которые специально предоставила его дочь, проживающая в Алматы.

В кабинете расположено 9 витрин с различными экспонатами. Каждая витрина отражает этапы освоения и развития месторождений, вклад компании в социально-экономическое развитие региона, важные события производственной истории и документы. Экспозиция включает историю развития нефтяной отрасли Актобе, ключевые этапы в нефтегазовой сфере, лабораторную посуду и химические реагенты, измерительные приборы и другие производственные артефакты, а также социальные проекты компании и ее вклад в развитие региона.

На открытии присутствовали жители района, сотрудники музея, представители местной администрации, а также студенты колледжа по специальности «Нефтегазовое дело». В ходе мероприятия прозвучали благодарственные и поздравительные речи, а также небольшая концертная программа.

Этот музейный кабинет — не только дань прошлому, но и ориентир в будущее. Экспонаты, отражающие историю компании и развитие нефтяной отрасли, станут ценным наследием для будущих поколений. Каждый год музейный кабинет будет пополняться информацией о ключевых событиях жизни компании и новых достижениях. Для будущих специалистов нефтегазовой сферы это место станет источником опыта, вдохновения, традиций и инноваций.











Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»