Новости

«Нефтяник» балалар лагерінің 5 маусымында Құрылыс Басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кезекті спорттық шара өтті.


05.08.2022

2022 жылдың 05 тамыз күні «Нефтяник» балалар лагерінде Құрылыс Басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен футболдан және волейболдан «Нефтяник лагері» мен «Кәсіподақ» командалары арасында футболдан жарыс өтті.

Жарыс күні табиғат аясындағы салтанатты жиналыстан басталды. Нефтяник балалар лагері Кәсіподақ төрағаларын тамаша көңіл күймен қарсы алып Ән мен Би өнерлерін көрсетті. Жергілікті кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Сәтов Самат балаларға жақсы демалыс тілеп, Құрылыс Басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табыс етті, футбол және волейбол доптарын сыйға тартты.

Футболдан «Кәсіподақтар» командасының капитаны «Кенкиякмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасы кәсіподақ ұйымының төрағасы Қанбаев Батырбек бастап келіп команданың қақпасын қорғады. Қорғаныс шебінде Кішкенебай Ібайдолла, Туксубаев Алмат, Габдрахманов Казбек, Сәтов Самат өнер көрсетсе, Шабуыл шебінде Қауқақов Бақыт жақсы өнер көрсетті. Сонымен қатар Кәсіподақтар командасынан Игисенов Рүстем мен Құрылыс Басқармасының кәсіподақ белсендісі Муханбеталиев Ардақ бір-бір голдан соғып мергендіктерімен танылды. Қорытынды есеп 5:2 есебімен «Нефтяник» командасы жеңіске жетті.

Футбол ойынынан кейін Кәсіподақ төрағалары лагерь тәрбиешілерімен Волейболдан сайысқа түсті. Тұрғанбаева Күлянда осы керемет шаралардың барлығын фото/видеоға түсіріп тарих бетінде қалуына үлесін қосты.

Бүгінгі спортқа арналған күн өте жақсы өтті, ең бастысы балаларымызға мереке сыйладық. Балаларымыздың балалық шағы бақытты болсын!

Сіздер үшін, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы»
Материал дайындаған: Сәтов Самат






























Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»