Мұнайшылардың жаңа жылдық қайырымдылық акциясы
«Кеңқияқмұнай» ҰГМУ қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға сыйлықтар берді.

Мұнайшылардың жаңа жылдық қайырымдылық акциясы

«Кеңқияқмұнай» ҰГМУ қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға сыйлықтар берді.


28.12.2023

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ бас директоры Ли Шуфэн мырзаның, АҚ басшылығының және бас директордың көмекшісі - "Кеңқияқмұнай" МГӨБ басшысы Акманов Р.Ф. мырзаның нұсқауымен "Кеңқияқмұнай" МГӨБ тұрақты түрде жергілікті елді мекендерге демеушілік-қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Ағымдағы жылда дәстүрлі түрде жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға, жетім балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. "Кеңқияқмұнай" МГӨБ Кеңқияқ, Шұбарши, Құмсай және Саркөл ауылдық округ әкімдіктерінен балаларға көмек көрсету және сыйлық беру туралы өтініштер қабылданды. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ тұрақты негізде ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мақсатында акциялар мен әлеуметтік жобаларды дәстүрлі түрде өткізіп келеді. 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай балаларға түрлі сыйлықтар берілсе, 1 қыркүйек – Білім күнінде «Мектепке жол» акциясы өткізіліп балаларға оқу құралдары, мектеп формалары табыс етілді. Жаңа жылда СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға сыйлықтар табыстады. Сыйлықтар ауылдық округ әкімшілік ғимараттарында, мектеп және балабақша ғимараттарында балаларға табысталды. Мұнайшылар балаларға қызыл дорбада сыйлықтары бар Аяз Ата мен Ақшақарды шақырып, жаңа жылдық іс-шара түрінде, мерекелік көңіл күйде сыйлықтарды таратып, балаларға қуаныш сыйлады. Сыйлықтарды табыстау рәсімінде "Кеңқияқмұнай" МГӨБ басшысының орынбасары Арзукулов Ө.О. мырза балаларға өзінің жылы лебізін білдіріп, жарқын болашақ тілеп құттықтау сөздерін сөйледі. Жаңа жыл - әр бала үшін ең әдемі және сүйікті мереке. Біз балаларға нағыз ертегі сыйлағанымызға қуаныштымыз.













Новогодняя благотворительность нефтяников

Работники НГДУ «Кенкиякнефть» подарили подарки детям из социальноуязвимых слоев населения


Одно из самых добрых дел в жизни человека – это забота о нуждающихся. Актюбинские нефтяники всегда с готовностью откликались на призывы о поддержке социальноуязвимых слоев населения. Так, по указанию генерального директора АО «СНПС-Актобемунайгаз» г-на Ли Шуфэна, руководства АО и помощника генерального директора - начальника НГДУ «Кенкиякнефть» г-на Акманова Р.Ф. НГДУ «Кенкиякнефть» на постоянной основе оказывает спонсорско-благотворительную помощь в местных населенных пунктах. Ранее в нынешнем году АО «СНПС-Актобемунайгаз» традиционно организовало акции и социальные проекты в поддержку семей, воспитывающих особых детей. 1 июня - ко Дню защиты детей, им были вручены различные подарки, 1 сентября - в День знаний была проведена акция «Дорога в школу», детям были вручены учебные принадлежности и школьная форма.

В текущем году, традиционно, в канун Нового года детям с ограниченными возможностями, детям-сиротам и детям из малообеспеченных семей были вручены новогодние подарки. Обращения об оказании помощи в обеспечении новогодними подарками детей коллективу НГДУ «Кенкиякнефть» были инициированы акиматами Кенкиякского, Шубаршиского, Кумсайского и Саркольского сельских округов. Подарки были вручены детям в школах и детских садах. Нефтяники подарили детям настоящую новогоднюю сказку, пригласив на утренники костюмированных персонажей Деда Мороза и Снегурочку с подарками. На церемонии вручения новогодних подарков заместитель начальника НГДУ «Кенкиякнефть» господин Арзукулов У.У. обратился к детям с поздравлениями, пожелав здоровья, успехов и светлого будущего.
























Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»