ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП ТЫҢДАЛДЫ

ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП ТЫҢДАЛДЫ


08.12.2023

Желтоқсан күні өзім төрағалық ететін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы жанынан құрылған «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бастауыш ұйымының екі жылдық қорытынды есебі тыңдалды.

Қорытынды есепке Басқару аппаратының, «Жаңажол» мұнай-газ өндіру кешенінің, «Ақтөбемұнайсервис», «Октябрьмұнай» мұнай-газ өндіру, «Ақтөбемұнайэнерго», «Кеңкияқмұнай» мұнай-газ өндіру, Құрылыс, Мұнай және мұнай өнімдерін өткізу, Қоғамдық тамақтандыру және сауда, Өндірістік-техникалық қызмет ету және жабдықтарды жинақтау басқармаларының және Ғылыми зерттеулер институтының жауапты өкілдері қатысты.





Есепті кездесуде әр филиалдың 2022 – 2023 жылдары атқарған жұмыстары мен өткізген мерекелік іс-шаралары слайд арқылы көрсетіліп, баяндалды.

Слайдтарда 2022 жылдан бастап бөлінген қаржыға сәйкес еліміздегі айтулы мерекелерге байланысты өткізген шаралары, филиалдардың «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бастауыш ұйымына арнайы жасақтаған бөлмесіне алынған көрнекіліктері, соның ішінде қазақтың бас ақыны Абай атамыздың, «Алаштың Бес арысы», «Үш бәйтерегі» мен Мемлекет басшысының портреттері, ақын-жазушылардың тілге қатысты нақыл сөздері, ұлттық ойындар мен аспаптардың фотосуреттері, қазақи нақыштағы ыдыс – аяқтар және сандық көрсетілді. Оған қоса, Наурыз мейрамы, Тілдер, Республика және Тәуелсіздік күндері қарсаңында ұжыммен бірге атсалысып, өткізген мерекелік шараларының фотосуреттері экранға шығарылды.





Отырыс соңында 2024 жылға арналған жұмыс барысы талқыланып, тіл жанашыларының мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеру, қолданысы аясын арттыру бағытында жұмысты жандандыру қажеттілігі бойынша ұсыныстар айтылып, нақты міндеттер жүктелді.

«Қазақтың тілі – қазақтың жаны» деп Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы айтқандай, ең алдымен тілімізді сақтайық. Ана тіліміздің айбынын асқақтатып, қасиетті Қазақ жерінде қазақ тілінің мәртебесін көтерейік! Төл тілімізден қашпай, керісінше төрге сүйрейік, сонда ғана Қазақстан шаңырағы берік ел болмақ!





Сондықтан, мен жүрегі қазақ деп соққан әрбір жанды «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қадір Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын!





















«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Қауіпсіздікті үйлестіру жөніндегі Бас инспекторы, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бастауыш ұйымының төрағасы - Абай Сақтағанов.










Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»