Тіл – ел болашағы

Тіл – ел болашағы


16.10.2023

13- қазан күні «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның бас ғимаратында «Халықаралық қазақ тілі қоғамының» бастауыш ұйымының «Мұнай және мұнай өнімдерін сату» басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – ел болашағы» атты жарыс өтті. Шараның мақсаты қазақ тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Қазақ тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу болып табылады.

Жарысқа 6 топ қатысты.

1. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау бөлімі

2. Мұнайды жеткізу және өткізу бөлімі

3. Өндірістік-техникалық бөлім

4. Газ сату бөлімі

5. Бухгалтерлер

6. Құрама команда (Еңбек ресурстары бөлімі, Заң бөлімі, Мұнай өнімдерін жеткізу және өткізу бөлімі, Жоспарлау-экономикалық бөлімі, ЕҚ, ҚОҚ және ТЖ қызметі)

Сайыс үш турдан тұрды.

1-тур «Тауып көр»

2-тур «Есте сақта»

3-тур «Дебат»





1-турдың шарты: белгіленген ұяшықтарды таңдап, сұраққа жауап беру. Жауап дұрыс болса, ұяшықтың сыртында жазылған ұпай саны топтың еншісінде қалады. Ал егер жауап бере алмаса, басқа топтардың жауап беру мүмкіндігі бар. 2-турда екі әңгіме оқылды. Сол әңгімені мұқият тыңдап, болғаннан кейін қойылатын сұрақтарға жауап берілді. Қағазға жазып алуға рұқсат етілмеді. Әр сұраққа 10 секунд уақыт берілді. Қай топ бірінші жауап берді ұпай саны сол топқа енгізілді. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланды. Соңғы турда 6 топ екі-екіден 3 топқа бөлінді. Топқа ортақ сұрақ қойылды немесе қоғамдағы мәселе айтылды. Екі топтың бірі оң тарап болса екіншісі теріс. Сұраққа біреуі дұрыс деп жауап берсе келесісі бұрыс деді. Оның дұрыс, бұрыстығын айтып қана қоймай нақты фактілермен дәлелдер келтірілді. Сайысқа қатысушыларға «Алғыс хаттар» мен сыйақылар табысталды.








































Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»