«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

«Мемлекеттік тіл – менің тілім»


17.03.2023

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 16 наурызында облыс жастары арасында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында облыстың мемлекеттік тілді меңгерген, этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы өтті.

Аталған шараға "СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ" АҚ-ның атынан қатысқан Владимир Васильевич Қазақстан халқы ассамблеясы атынан "Ерекше өнер көсетіп, қазақ тілін жетік меңгергені үшін" арнайы дипломмен марапатталды. Ол сөз саптауымен, өнерімен, қазақ халқына деген сүйіспеншілігімен ерекше көзге түсті.

Айта кетейік, байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, насихаттау және этносаралық қарым-қатынас тіл ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамның белсенді жастарын ынталандыру.

Байқаудың өткізу тәртібі мен шарттары:

Байқауға мемлекеттік тілді меңгерген 18-30 жас аралығындағы 20-дан астам этнос өкілдері қатысты. Сайыс 3 аталымнан (номинациядан) тұрды.

Әрбір аталымнан кейін қатысушылардың жауабы бағаланды.

1. Өзін таныстыру.

2. Сұраққа жауап.

3. Өз өнерін көрсету.





Бүгін, 17- наурыз «СНПС-Актөбемұнайгаз» АҚ «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» бастауыш ұйымы төрағасы Өтеміс АРЗУҚҰЛОВ Браташов Владимир Васильевич пен Павлюкевич Сергей Владимировичті "Алғыс хатпен" марапаттады.

Браташов Владимир Васильевичке табысталған "Алғыс хатта" "Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымдастыруымен 2023- жылдың 16- наурызында облыс жастары арасында «Мемлекеттік тіл- менің тілім» байқауына «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ атынан қатысып, өнеріңізбен бөлісіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, колданыс аясын кеңейтудегі қоғамдық жұмыстағы белсенді қызметіңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін! Сізге алғысымды білдіре отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізден берекет табуыңызға тілектеспін!"- делінген.

Ал, Павлюкевич Сергей Владимировичке дәл осындай мәтінмен берілген " Алғыс хат" "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ-нің ұйымдастыруымен 1 наурыз - елімізде Алғыс айту күніне орай бейне ролик түсіруге «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ атынан қатысып, ат салысқаны үшін табысталды.

Әріптестерімізді тағы бір мәрте құттықтаймыз!



























Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»