Тіл ұлтты біріктіреді

Тіл ұлтты біріктіреді


28.09.2023

26-қыркүйек күні «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамындағы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» бастауыш ұйымының ұйымдастыруымен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның бас ғимаратында Қазақстан халқы тілдері күніне орай дөңгелек үстел өтті. Шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы Роман Рахиев, облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанындағы тілдерді оқыту орталығының директоры Серғазина Клара Хакимғалиқызы және Ақтөбе облыстық «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» филиалының алқа мүшесі, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Нұрдәулет Алдашов және ұйым мүшелері қатысты. Жиында осы уақытқа дейін әлеуметтік желіде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған «Ұлтты тіл біріктіреді» челленждіне қатысып, қолдау білдірген қызметкерлер "Алғыс хаттармен" марапатталды.

























Облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанындағы тілдерді оқыту орталығының директоры Серғазина Клара Хакимғалиқызы өз сөзінде қолданыстағы қазақ тіліндегі сөздердің дұрыстығын әлеуметтік желідегі мемлекеттік сайттардан қарап тексеруге болатынын айтты. Тілдерді оқыту орталығы ашылғаннан бері облыс бойынша 20 мыңнан астам адамның тегін тәлім алғанын және мемлекеттік тілді үйренем деп, қызығушылық танытқан азаматтарға есік ашық екенін атап өтті. Ал халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы Роман Рахиев шараға жиналғандарды облыс аумағындағы жасалып жатқан Қоғамның іс-шараларымен таныстырды. Кез келген халық менің тілім мықты дейді, ал сол тілдің мықты болуына біз қандай үлес қосып жатырмыз? Бұл жұмысқа тілге жаны ашитын, білікті, ұжымда әріптестер арасында беделді азаматтардың тартылғанын қалайтынын білдірді, сонымен қатар, компания қызметкерлерінен қоғам жұмысына белсене араласып, қолдау көрсетуін сұрады. Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Нұрдәулет Алдашов басқа тілді мәдениетті деп жоғары қою қателік екенін айтып, қазақ тілі ең бірінші қазақтың өзіне қажет екенін атап өтті.

Акционерлік қоғам тарапынан қазақ тілін дамытуға, оның қолданыс аясын кеңейтуге жағдай жасалып жатыр. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ Бас директоры Ли Шуфэн мырза «2022-2025 жылдар кезеңіне арналған қазақ тілін қолдану аясын кеңейту» жоспарын бекітті. Оны іске асыру үшін халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымы 2022-2023 жылдарға бағытталған жұмыс жоспарына сәйкес іс-шараларды өткізуде. Сонымен қатар, тіл саласындағы заңнама мен мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын өткізе отырып облыстық деңгейдегі іс-шараларға «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның атынан ат салысудамыз.

Қазақ тілін үйреніп жүрген, қызығушылық танытатын азаматтардың саны да жылдан жылға көбейіп келеді, олардың арасында өзге ұлт өкілдері де баршылық. Осындай шараны 2023 жылдың ақпан-сәуір айларында облыстық тілдерді дамыту басқармасының маманы Шыңғысхан Түменбаев 25 әріптестерімізге тегін өткізді. Мұндағы мақсат мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейту, оның қоғамдағы рөлін арыттыру.





Шара соңында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамындағы «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» бастауыш ұйымының төрағасы болып «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Қауіпсіздікті үйлестіру жөніндегі бас инспекторы Сақтағанов Абай Дидарұлы сайланды. Бұл өзгеріс ұйымның бірінші төрағасы Өтеміс Арзуқұловтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты болды.

Өтеміс Арзуқұлов мырзаның бастауыш ұйымының «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамында құрылып, қадам басуына қосқан үлесі көп. Кез келген жұмысты бастау біліктілікті, табандылықты, ұйымдастырушылықты талап етеді. Оған дәлел небәрі бір жылдың ішінде атқарылған көлемді жұмыстар. Осы жолды бірге бастап үзеңгілес болғаныма өз атымнан және әріптестер атынан алғыс білдіремін. Сіздің алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

Тіл мәдениетін жоғары сатыға көтеру – әрбіріміздің борышымыз. Тіліміздің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз екенімізді естен шығармауымыз керек.





«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы»
«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ-дағы
бастауыш ұйымының төрағасының орынбасары Н.Нұртазин












Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»