Спорт в коллективе
Біздің Құлыбек Ғарышбек “Асық ату” ұлттық спортынан мықтылығын тағы бір дәлелдеді.


Спорт в коллективе


Біздің Құлыбек Ғарышбек “Асық ату” ұлттық спортынан мықтылығын тағы бір дәлелдеді.



09.12.2025

2025 жылдың 07 желтоқсан күні Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі аясында өткен халықаралық “Aktobe Open–2025” турнирі өтті.

Биылғы жарысқа Румыния, Моңғолия, Ресей, Үндістан, Пәкістан және Қазақстан құрамалары қатысып, асық ату бойынша жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар Ақтөбе облысының командасы жеке құрам ретінде бақ сынап, өздерінің қарым-қабілеті мен дайындық деңгейін айқын көрсетті.





Турнир қорытындысы бойынша “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ Мұнай және мұнай өнімдерін сату басқармасының қызметкер Құлыбек Ғарышбек жекелей сында 1 сақа бойынша жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қазақстан құрама командасының ойыншысы, ал үшінші орынды Ресейден келген Асық ату шебері иеленгенін ескеретін болсақ Ғарышбектың қарсыластары мықты екенін аңғаруға болады. Ғарышбекті еңбек ұжымы атынан жеңісімен құттықтаймыз. Әрдайым асықтарыңыз алшысынан түсе берсін.





07 декабря 2025 года в спорткомплексе «Жекпе-жек» города Актобе завершился международный турнир по национальному виду спорта асық ату «Aktobe Open–2025», прошедший в рамках фестиваля национальных традиций «Сыбаға».

В этом году в турнире приняли участие сборные Румынии, Монголии, России, Индии, Пакистана и Казахстана, продемонстрировав высокий уровень мастерства в асық ату. Кроме того, команда Актюбинской области выступила отдельным составом, показав достойную подготовку и технику.





По итогам соревнований наш коллега, Құлыбек Ғарышбек, сотрудник УСНиНП АО «СНПС-Актобемунайгаз», вновь доказал своё превосходство и занял первое место в личном зачёте (1 сақа). Следует отметить, что второе и третье места заняли член сборной Казахстана по асық ату и участник из России — соперники действительно были сильнейшими, что делает победу Ғарышкаба особенно значимой.

От имени трудового коллектива сердечно поздравляем Құлыбека Ғарышбека с блестящим успехом и желаем: пусть ваши асыки всегда падают удачно!

Материал подготовлен Администрацией генерального директора совместно с Локальным профсоюзом АО «СНПС-Актобемунайгаз»















Официальные (рыночные) курсы валют
Официальные (рыночные) курсы валют


Акимат города Актобе

Акимат Актюбинской области

«ПетроКазахстан Инк.»