«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жас маманы «Жас көшбасшылар платформасы – 2025» жобасына қатысты
17.12.2025
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның жас маманы Сүлейменов Алишер Орынбайұлы
Астана қаласында өткен республикалық
«Жас көшбасшылар платформасы – 2025» жобасына қатысты.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының 17 өңірі мен республикалық
маңызы бар 3 қаласынан келген 200-ге жуық жас белсенді қатысты.
Қатысушылар көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, белсенді азаматтық
ұстанымды қалыптастыруға бағытталған кәсіби және тұлғалық дамудың
маңызды кезеңінен өтті.
Платформаны Қазақстан Республикасындағы ең ірі саяси партия –
«Аманат» партиясының жастар қанаты «Жастар Рухы» ұйымдастырды.
Іс-шараға жастар қанатының аумақтық бөлімшелерінің басшылары,
белсенділері, қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ жас мамандар мен
еңбек адамдары қатысты.
Айта кету керек, «Аманат» партиясы Қазақстан Республикасындағы ең ірі
саяси партия болып табылады және жастардың көшбасшылық әлеуетін,
азаматтық жауапкершілігін дамытуға бағытталған бастамаларды жүйелі
түрде қолдап келеді.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-да «Аманат» партиясының бастауыш партия ұйымы
жұмыс істейді. Аталған ұйымның төрағасы — Сәтов Самат Сәтұлы,
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Платформа жұмысына Ақтөбе облысынан 9 адамнан тұратын делегация қатысты.
Делегация құрамына Еңбек мамандықтары жылы аясында арнайы іріктелген
еңбек адамы енгізілді. Бұл жұмысшы мамандық иелерінің ел жастарының
көшбасшылық әлеуетін дамытуға белсенді түрде тартылып отырғанын
көрсетеді.
Делегация құрамындағы барлық қатысушылар екі күндік білім беру
бағдарламасын сәтті аяқтап, жаңа білім мен тәжірибе жинақтады.
Ерекше атап өту қажет, Ақтөбе облысының делегациясы құрамында
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның жас маманы Сүлейменов Алишер Орынбайұлы болды.
Алишер Сүлейменов — болашағынан зор үміт күттіретін маман, сондай-ақ
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Жастар комитетінің белсенді мүшесі.
Ол кәсіпорынның қоғамдық және корпоративтік өміріне белсене араласып
келеді.
Екі күндік білім беру бағдарламасы барысында қатысушылар төмендегі
бағыттар бойынша теориялық білімдерін жетілдіріп, практикалық
дағдыларын дамытты:
- саяси талдау және халықаралық қатынастар;
- коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;
- фасилитация және көшбасшылық;
- командалық жұмыс және жобаларды басқару;
- жеке брендті дамыту және көпшілік алдында сөйлеу.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жас мамандарының осындай республикалық
деңгейдегі бастамаларға қатысуы кадрлық әлеуетті дамытуға,
белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және Қоғамның
әлеуметтік жауапты жұмыс беруші ретіндегі беделін нығайтуға
ықпал етеді.
Молодой специалист АО «СНПС-Актобемунайгаз» принял участие
в «Платформе молодых лидеров – 2025»
Молодой специалист АО «СНПС-Актобемунайгаз» Сулейменов Алишер
Орынбаевич принял участие в республиканском проекте
«Платформа молодых лидеров – 2025», который проходил в городе Астане.
В мероприятии приняли участие около 200 молодых активистов
из 17 регионов и 3 городов республиканского значения Республики Казахстан.
Участники прошли важный этап профессионального и личностного развития,
направленный на формирование лидерских качеств и активной гражданской
позиции.
Платформа была организована молодежным крылом партии «Аманат» —
«Жастар Рухи». В числе участников — руководители территориальных
отделений, активисты молодежного крыла, представители общественных
организаций, а также молодые специалисты и представители трудовых
профессий.
Следует отметить, что партия «Аманат» является крупнейшей политической
партией Республики Казахстан, активно поддерживающей инициативы,
направленные на развитие молодежи, лидерства и гражданской ответственности.
В АО «СНПС-Актобемунайгаз» функционирует первичная партийная организация
партии «Аманат», председателем которой является Сәтов Самат Сәтұлы,
председатель Локального профсоюза АО «СНПС-Актобемунайгаз».
В работе платформы приняла участие делегация из 9 человек от
Актюбинской области. В её состав вошёл представитель трудовой профессии,
специально отобранный в рамках Года трудовых профессий.
Все участники делегации успешно прошли двухдневную образовательную
программу и получили новые знания и практический опыт.
Особо стоит отметить, что в состав делегации Актюбинской области вошёл
молодой специалист нашего Акционерного общества —
Сулейменов Алишер Орынбаевич.
Алишер Сулейменов зарекомендовал себя как перспективный специалист и
активный член Молодёжного комитета АО «СНПС-Актобемунайгаз»,
принимающий активное участие в общественной и корпоративной жизни компании.
В ходе двухдневной образовательной программы участники повысили уровень
теоретических знаний и развили практические навыки по следующим направлениям:
- политический анализ и международные отношения;
- коммуникации и работа со средствами массовой информации;
- фасилитация и лидерство;
- командная работа и управление проектами;
- развитие личного бренда и публичные выступления.
Участие молодых специалистов АО «СНПС-Актобемунайгаз» в подобных
республиканских инициативах способствует развитию кадрового потенциала
и формированию активной гражданской позиции.